Mamluk.Сұлтан Бейбарыс...

Mamluk.Сұлтан Бейбарыс...
Сурет: Minber.kz

Алматыда «Mamluk.Сұлтан Бейбарыс» атты қойылым саундрама жанрында көрермен назарына ұсынылды.

Спектакль Қыпшақ даласында туып, Мысырда ел басқарған Сұлтан Бейбарыс туралы сыр шертеді. Жаңа сахналық қойылым тарихта қалған тұлғаның көшбасшылық, жауынгерлік қабілетін көпке үлгі етеді. Ерекше қойылым Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына орай әзірленді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

24.kz-тің мәліметінше, жанры саундрама болғандықтан бірнеше бағытты қамтиды. Өзгешелігі этно-фольклорлық ансамбль мен хореографтартарға баса назар аударылды. Оған қоса музыканттар, композитор, актёрлар мен дыбыс режиссерлары бірігіп жұмыс істеді.

«Ерекшеліктері бар, сөз жоқ. Сөзге құрылмаған бәрі саунд-драма болғаннан кейін, бәрі іс-әрекет пен музыкаға құрылған. Былай айтқанда, Сұлтан Бейбарыс қалай дүниеге келеді. Қалай мамлюк кезінен, ол сұлтан болды. Осы өмірінен біздің режиссеріміз Фархад Молдағали тағы да бір дүниесін елге тарту етейін деп жатыр», - дейді Алатау дәстүрлі өнер театрының труппа жетекшісі Саттар Ерубаев.

Өнер иелері саун-драма арқылы ұлттық фольклорды, қазақ өнерін, дала дауысын, оның әуендерін табиғи түрде танытқысы келген. Қойылымды тамашалаған адам бір ауыз сөзсіз-ақ өнер әлеміне еніп кетеді.

«Біздің дала дауыстарын, әншілердің жыршылардың, жоқтау, қаншама даланың күн күркіреуінен бастап, адамдардың сөз сөйлеу интонацияларына дейін, адамдардың осы жаңағы музыка, пластика сөз тыныштық, ұлттық аспаптар, осындай хореографиялық дүниелер соның барлығы бір жерге жиналған кезде осының барлығы арқылы біз саунд-драма жасай аламыз», - дейді режиссер Фархад Молдағали. 

Театр ұжымы қойылымға тарихи драма ретінде емес, заманауи спектакль ретінде реңк берген. Оның бүгінгі күнмен үндес болуын қалаған. Одан қазіргі қоғамның көрінісін көруге болады.

«Бейбарыстың да өзінің ішкі трагедиясы болған қазақтың, қыпшақтың даласындағы бір бала ретінде емес. Бейбарыс қазақ деген ұранды бұл жерден алып тастадық. Өйткені бұған дейінгі спектакльдер солай қойылған. Ол қайтадан қайталамайық деген ниетпен Бейбарысты әлемдік тұлға, ретінде көрсетуге тырыстық», - дейді режиссер Фархад Молдағали. 

Қойылым заманауи жаңашылдық пен режиссерлік ұтымды шешімдерді қолдана отырып, Бейбарыстың адами болмысын ашуды мақсат еткен. Оған театрдың 74 әртіcі, бишілер тобы және «Алатау» этно-фольклорлық ансамблі атсалысты. Жаңа қойылым алдағы уақытта 4 халықаралық фестивальге қатысады.