Қытай коронавирусқа қарсы коктейль шығарды

Қытай коронавирусқа қарсы коктейль шығарды
yuga.ru

Қытай коронавирусқа қарсы антиденелерден тұратын алғашқы препаратты мақұлдады. деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Бұлар белгілі бір нәрсеге бағытталған ақуыздар. Аталған препарат ковид-19-дың бастапқы деңгейін әрі қарай асқындырмау үшін қолданылады.

Сынаққа дельта штамына шалдыққан 700-ден астам науқас қатысқан. Мұндай іс-тәжірибе АҚШ, Аргентина, Оңтүстік Африка, Бразилия, Филиппин және Мексика елдерінде де өткізілді.

Препарат келесі айда сатылымға түспек. Оны жасаған компания АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын, санитарлық бақылау басқармасынан төтенше жағдайда қолдануға рұқсат беруді сұраған. Емі бар коктейльді, кезінде экс-президент Дональд Трамп қабылдапты.