Қазақстанда 20 заманауи госпиталь салынады

Қазақстанда 20 заманауи госпиталь салынады
Сурет: интернеттен

Пандемия басталғанда аз уақыттың ішінде 17 аурухана салыныпты.

Бұл туралы Премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Маминнің айтуынша, пандемия басталғанда аз уақыттың ішінде 17 аурухана салынды. Ауруханалар заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Медицина қызметкерлерінің жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалды. Коронавирус өршіп, науқастар саны көбейгенде тұрғындар сол ауруханаларда ем қабылдады.

«Жоспарымызда бүкіл Қазақстанда 20 заманауи госпиталь салу бар. Сол үшін Түркияның тәжірибесін зерделедік. Түркияға арнайы түрде жұмыс сапарымен барып, салынған госпитальдерде болдым. Түркия бұл салада серпіліс жасаған. Қазіргі уақытта Қазақстанда сондай модельдерді жүзеге асырамыз. Бүгінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде бірнеше госпиталь салынып жатыр, – деді Премьер-министр Асқар Мамин.