Қысқы Олимпиада ойындары медальдарының дизайны таныстырылды

Қысқы Олимпиада ойындары медальдарының дизайны таныстырылды
BAQ.KZ

XXIV қысқы Олимпиада ойындарының басталуына тура 100 күн қалды. 

Қысқы Олимпиада ойындары  медальдарының дизайны жарияланды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Медальдің бетінде Олимпиаданың бес сақинасы бейнеленіп, XXIV Olympic Winter Games Beijing 2022 жазуы жазылған. 

Медальдің басты бетінде олимпиаданың бес сақинасы бейнеленіп, спорт шарасының ағылшын тіліндегі толық атауы – XXIV Olympic Winter Games Beijing 2022 деп жазылған, сондай-ақ бұлт және қар ұшқындарымен өрнектелген. 

Медаль бетінен аспан, жер және адам арасындағы үйлесімдікті бейнелейтін қытайлық дәстүрлі философияны білдірген бес шоғырлас сақинаны көруге болады. 

Реверсінде Бейжіңдегі қысқы Олимпиаданың эмблемасы мен ойындардың қытай тіліндегі атауы бар. Эмблеманың жан жағындағы сақиналарда есеп бойынша 24-ші қысқы Олимпиада ойындарының құрметіне 24 нүкте ойылған.