Ет жемесек не болады?

Ет жемесек не болады?
Сурет: Optoviki.kz

Етсіз дастарқанын елестете алмайтын қазақтардың арасында да вегетариандық салтты ұстанушылар ұшырасып қалады.

Ресейлік диетолог Ольга Чунтонова ет жемеудің денсаулыққа қандай зияны болатын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz тілшісі.

РИА Новостиге сұқбат берген маманның айтуынша, жануарлардан алынатын ақуызды (ет) қабылдамаған кезде, адам организміне D, B12 дәрумендері, сондай-ақ омега-3 май қышқылдары, креатин, холестерин, йод, фосфор және кальций сияқты маңызды элементтер жетіспейді екен.

«Мұның бәрі гормоналдық бұзылыстарға әкеледі. Шаш, тырнақ, сүйек, оған қоса адамның репродуктивтік (балалы болу) функциясы да зардап шегеді. Жануарлар ақуызын қоспағанда, анемияның даму қаупі де артады. Егер жануарлардан алынатын өнімдерді тұтынбайтын болсаңыз, өсімдік ақуызы аминқышқылдарының құрамы немесе сіңімділігі жағынан оның орнын толтыра алмайды», - деді сарапшы.

Маман еттен бас тартқан адамдарға кофе мен шайды көп ішпеу керектігін айтты. Екі сусын да темірдің сіңуіне кедергі келтіруі мүмкін. Бұл процесті қалыпқа келтіру үшін аскорбин қышқылы бар тағамдарды тұтыну қажет. Сондай-ақ тамақтануға балдырларды, чиа дәндерін, жаңғақтарды, жұмыртқа, зығыр тұқымдарын қосқан жөн - бұл өнімдер полиқанықпаған май қышқылдарының тапшылығын тез толтырады.

«Цинкті жаңғақтар мен бұршақ дақылдарынан, аминқышқылдарын сүт өнімдерінен алуға болады. Көкнәр тұқымдары, күнжіт тұқымдары, бадам, жас қалақай және итмұрын ағзадағы кальцийдің деңгейін арттыруға көмектеседі», - дейді диетолог.