Қазақстандағы кәсіпкерлердің елу пайызы өз ісін қарызға ашқан

Қазақстандағы кәсіпкерлердің елу пайызы өз ісін қарызға ашқан
almaty-akshamy.kz

IDF  Eurasia тобының зерттеу нәтижелеріне сәйкес, Қазақстандағы әрбір алтыншы кәсіпкер өз ісін ашуға қажетті қаражаты болмаған және өз кәсібін ашу үшін қарыз алған, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz 

Сауалнамаға 15 мың шағын бизнес өкілі қатысты. Олардың 21%-і бизнестің басында туыстары мен таныстарынан ақша алуға тура келді деп хабарлады. Алайда сұралған кәсіпкерлердің негізгі бөлігі қаржы ұйымынан кредит алуды жөн көрген: бизнесмендердің 25%-і меншікті жылжымайтын мүлік кепілімен кредит ресімдеген, ал 20%-ы қамтамасыз етілмеген тұтынушылық несие алған. Кейбір кәсіпкерлер қаржыландырудың балама тәсілдерін сәтті қолданған.

Респонденттердің 5%-ы бизнесті дамытудың түрлі қорларының гранттарын алған, жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлердің 3%-ы краундфандинг арқылы ақша тарта алған, 2%-ы инвесторлар таба алған және жаңадан бастаған кәсіпкерлердің тек 1%-ы ғана венчурлік қорлардан көмек алған.

Жалпы алғанда, сауалнамаға қатысушылардың үлкен үлесі ақшаны дұрыс басқара алды және табысты бизнес құра алды.

Бұл ретте кәсіпкерлердің 85%-ы бизнесті дамыту үшін қарыз қаражатын одан әрі де пайдаланатындарын, ал кәсіпкерлердің 15%-ы кредитті өтегеннен кейін қайтадан ақша алуды жоспарламайтындарын мәлімдеді.