Қазақстанда соңғы екі аптада коронавируспен сырқаттану көрсеткіші 11%-ға төмендеді

Қазақстанда соңғы екі аптада коронавируспен сырқаттану көрсеткіші 11%-ға төмендеді
Сурет: Qazaly.kz

Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай біршама жақсарған

Қазақстанда соңғы екі аптада сырқаттану көрсеткіші 11%-ға төмендеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бүгінгі таңда" жасыл" аймақта сегіз өңір бар: Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Алматы облыстары және Шымкент қаласы.

Бес өңір – "сары аймақта": Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды облыстары, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары.

"Қызыл" аймақта төрт өңір - Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Репродуктивті көрсеткіш 0,96%-ды құрайды. Жалпы, Қазақстанда соңғы екі айда аурушаңдық 4,5 есеге, ал өлім-жітім 4,8 есеге төмендеді.

«Қараша айында оптимистік сценарий бойынша айына 1500 жағдай күтілуде. Реалистік сценарий бойынша - 1650. Пессимистік сценарий бойынша - 1800. Желтоқсанда, сәйкесінше, тәулігіне 1100, 1600 және 2350 жағдай. Қаңтарда, сәйкесінше, 650, 1500 және 3000 жағдай күтілуде», - деді Алексей Цой.