Қандастарға ұсынылатын мемлекеттік қызметтер аясы кеңейді

Қандастарға ұсынылатын мемлекеттік қызметтер аясы кеңейді
Сурет: Vk.com

Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасының көші-қон жүйелері бөлімі «Халықтың көші-қоны туралы» заңын басшылыққа алады.  

Этникалық қазақтар ақпаратты Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасының көші-қон жүйелері бөлімінен ала алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Көші-қон жүйелері бөлімі өз құзыреті шегінде халықтың көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады, соның ішінде этникалық қазақтарға «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсетіп, қандас куәлігін береді; қандас мәртебесін бір рет 6 айға ұзарту туралы шешім қабылдайды; Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінен үміткерлердің қандас мәртебесін беруге және Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуға өтініштері мен құжаттарын қабылдайды; Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін шақыртуларын куәландырады; этникалық қазақтарға және жоғары оқу орнындарында оқитын этникалық студенттерге Қазақстан Республикасының көші-қон заңдылықтарын түсіндіру үшін қоғамдық бірлестіктермен және мүдделі мемлекеттік органдармен қандастардың сұрақтары бойынша «дөңгелек үстелдер», кездесулер ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді; жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Қандас мәртебесiн алған адамдар мен олардың отбасы мүшелеріне ұсынылатын мемлекеттік қолдау шаралары, олар:
1. Этникалық қазақтар және олардың отбасы мүшелері Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу кезінде өзінің төлем қабілеттілігін растаудан босатылады.
2. Қандас мәртебесiн алған адамдар мен олардың отбасы мүшелерi:
1) қандастарды бейiмдеу және ықпалдастыру орталықтарында тегiн бейiмдеу және ықпалдастыру қызметтерiн көрсетумен;
2) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес медициналық көмекпен;
3) Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең жағдайда мектептерде және мектепке дейiнгi ұйымдарда орындармен, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын көлемде техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейiнгi және жоғары бiлiм беретiн оқу ұйымдарына оқуға түсуге бөлiнген квотаға сәйкес бiлiм алу мүмкiндiгiмен;
4) Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең жағдайда әлеуметтiк қорғалумен;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесумен қамтамасыз етiледi.
Этникалық қазақтар қол жетімді түрде мемлекеттік қызметтерді көрсету заңына сәйкес толық және сенімді ақпаратты Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының көші-қон жүйелері бөлімінен ала алады.

Басқарманың мекен-жайы: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 85 үй, 3-қабат, 310-кеңсе, анықтама телефоны: 8 (727) 338-30-46.