Жәмила әлем чемпионатының күміс жүлдесін ұтты

Жәмила әлем чемпионатының күміс жүлдесін ұтты
Сурет: Оlympic.kz

Спортшымыз жарады!

Ұлттық Олимпиада комитетінің дерегінше, Норвегияның Осло қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында әйелдер күресінен 72 келі салмақ дәрежесіндегі финалдық кезең аяқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл салмақ бойынша финалда белдескен қазақстандық Жәмила Бақбергенова жапондық Масако Фуруитиден жеңіліс тапты. Қорытынды есеп - 0:3.

Бұл - Жәмиланың ересектер арасындағы әлем чемпионатында еншілеген алғашқы медалі. Бұған дейін ол 2019 жылы Нұр-Сұлтанда өткен әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күресіп, тап осы Масакодан 0:2 есебімен ұтылған болатын. 

Ослодағы әлем чемпионатын Қазақстан әйелдер командасы жалғыз медальмен аяқтады. Ал еркін күрес шеберлерінің еншісінде бірде-бір медаль жоқ.