Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Сурет: Akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Президентіне көңіл айтты

Мемлекет басшысы Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Белуджистан провинциясында көптеген адам шығынына әкеп соқтырған жойқын жер сілкінісіне байланысты осы елдің Президенті Ариф Алвиге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

«Қазақстан халқының және өзімнің атымнан табиғи апаттан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», – деп жазылған жеделхатта.