ЖСН алу тәртібі өзгереді

ЖСН алу тәртібі өзгереді
Сурет: интернеттен

Құжат Ашық НҚА порталында жарияланды.

Ол 11 желтоқсанға дейін талқыланады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қазақстанда жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алу тәртібін өзгерту жоспарлануда.

Ішкі істер министрлігі "Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін жасау және түзету" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" бұйрығын талқылауға шығарды.

Министрлік бастамашы болған жаңа ережеге сәйкес, шетелдіктер электронды үкімет порталы арқылы ЖСН ала алмайды. ЖСН алу үшін тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына өзі келіп, өтініш беруі қажет.

Көрсетілетін қызметті алушы:

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру;

құжаттарда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын тексеру;

Халыққа қызмет көрсету орталығының интеграцияланған ақпараттық жүйесінде (ИИЖ) өтінішті толтыру.

"Қазақстан Республикасының соты бас бостандығынан айыруға сотталған шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың және тұрақты емес мәртебесі бар адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған жағдайда, мемлекеттік қызметті алу үшін осы қағидаларға сәйкес өтініш негіз болып табылады", - делінген құжатта.

Шетелдік Халыққа қызмет көрсету орталығына құжаттардың толық емес топтамасын немесе қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, оған құжаттарды қабылдаудан бас тартылады және оған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы қолхат беріледі.

Еске сала кетейік, ескі ереже бойынша шетелдіктер ЖСН-ді халыққа қызмет көрсету орталықтарында, екінші деңгейлі банктерде немесе Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын ресми өкілінің көмегімен электронды үкімет порталы арқылы ала алады.

Ішкі істер министрлігінің жаңа бұйрығы "Ашық заңды тұлғалар" порталында орналастырылған. Ол 11 желтоқсанға дейін талқыланады.