Жолаушылар автобусы түгі қалмай жанып кетті

Жолаушылар автобусы түгі қалмай жанып кетті
inform.kz

 Семейде қоғамдық көлік өртенді, деп хабарлайды Абай облысының төтенше жағдайлар департаменті.

Бүгін сағат 08:50-де 101 пультіне Шугаев көшесінде автобус жанып жатқаны туралы хабар түсті.

Құтқарушылар оқиға орнына келген соң 2013 жылғы ПАЗ маркалы көлікте жанғыш қозғалтқыш бөліктерінің, аспаптар панелі, ішкі қаптаманың, орындықтар мен корпустың жанып жатқанын анықтады.

Жалын шарпыған аумақ - 20 шаршы метр.

Өрт қысқа мерзімде сөндірілді.

Өрттің алдын ала себебі - қауіпті қондырғыны абайсыз пайдалану.

Абай облысы ТЖД автокөлікте өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды сұрайды:

- аккумуляторды тікелей көлікте зарядтаңыз;

- қозғалтқышты ашық отпен (от, алау, дәнекерлеу шамдары) жылытуға, жарықтандыру үшін ашық от көздерін пайдалануға жол бермеу керек;

- жанармай бактан ағып жатқан кезде бактың аузын ашық қалдырмау қажет.

«Көліктегі өрт дереу таралуы мүмкін. Кабинадағы бензин мен күйдірілген резеңкенің иісі, сорғыштың астындағы түтіннің пайда болса, бұл өрттің алдындағы фактілер. Автокөлікте қолдануға дайын, жарамды өрт сөндіргіш болуы керек» деп ескертеді құтқарушылар.