Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды

Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы да  ұзартылды
almaty-akshamy.kz

Соттың шешімімен Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі 2023 жылдың 21 наурызына дейін ұзартылды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

"Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылы 20 қаңтардағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Қ-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін ұзартуын санкциялау туралы өтініші қанағаттандырылды. 2023 жылдың 21 наурызына дейін қамауда отырады" - делінген соттың ресми хабарламасында.

Айта кетейік, Қайрат Құдайберген ел арасында "Дикий Арман" атымен танымал Арман Жұмагелдиевпен бірге Қаңтар оқиғасы кезінде тұрғындарды жинады деген күдікпен тергеліп жатыр.