Жыл басталғалы әлемде 11 мың адам індеттен көз жұмған

Жыл басталғалы әлемде 11 мың адам індеттен көз жұмған
Сурет: Novvedomosti.ru

659 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырған.

ДДҰ жыл басынан бері коронавирустан қанша адам қайтыс болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ұйымының апталық есебінде 2023 жылдың басынан бері коронавирустан 11 мың адам қайтыс болғаны жазылған.

«Жаһандық деңгейде 2023 жылдың 2-8 қаңтары аралығында, бір аптада коронавирустың 2,9 миллионға жуық жаңа жағдайы тіркеліп, 11 мыңнан астам адам қайтыс болды», - делінген хабарламада.

8 қаңтардағы мәлімет бойынша, әлемде 659 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырып, 6,6 миллионнан астам адам қайтыс болды делінген еді.