Жетім балаларды баспанамен қамтамасыз ету мәселесі ерекше назарда

Жетім балаларды баспанамен қамтамасыз ету мәселесі ерекше назарда
Almaty-akshamy.kz

Мемлекет басшысына тұрғын үй мәселесімен жүгінген жетім балалар бойынша ақпараттық хабарлама

ҚР Президенті мен Алматы қаласының әкіміне бейнеөтініш арқылы жүгінген азаматтар Алматы облыстық №1 балалар үйінің түлектері. Олар Алматы облысының әкімдігінде тұрғын үй алуға кезекке тұрғандар (Алматы қаласының тұрғын үй кезегіндегі тізімде жоқ). ҚР "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 71-бабының 1-тармағына сәйкес тұрғын үйге мұқтаждарды есепке алу азаматтардың тұрақты тұратын жері бойынша жүргізіледі. Сондықтан хат иегерлерінің тұрғын үй беруге қатысты мәселесін шешіп беру өтініші Алматы облысы әкімдігінің құзыретіне кіреді.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді (жаңадан пайдалануға берілген немесе тұрғындар босатқан) немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерді бөлу кезінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға коммуналдық қордан тұрғын үйлердің жалпы санының кемінде 20 пайызы бөлінеді.

Алматы әкімдігі ХӘОТ санатындағы адамдарды, атап айтқанда, жетім балаларды баспанамен қамтамасыз ету мәселесі ерекше назарда. Егер 2022 жылы Алматы қаласының коммуналдық тұрғын үй қорынан жетім балаларға 14 пәтер, 2023 жылы 55 пәтер берілсе, 2024 жылы кемінде 400 пәтер беру жоспарда бар. Осылайша келесі жылы жетім балалардың 16%-ының тұрғын үй мәселесі шешіледі.