Астанада "Хан шатырдан" өрт шықты

Астанада "Хан шатырдан" өрт шықты
Almaty-akshamy.kz

Өрт туралы хабар 23 желтоқсан күні сағат 14:00-де түскен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Астана қаласы ТЖД  баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Келген бойда 5 минутта өрт сөндірушілер артқы кіретін жақтан қою қара түтіннің шығып жатқанын анықтады, трансформаторлық қосалқы станцияның 10 шаршы метр және кабельді шахта 0-қабатта өртеніп жатқаны анықталды. Өрттің таралу қаупі жоқ. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ", - дейді ТЖД баспасөз қызметі

Өрт орынында жеке құрамның 66 адамы және Астана төтенше жағдайлар департаментінің 14 техникасы жұмыс істеп жатыр.