Жер сілкінісінен кейін Алматыда жеке тұрғын үй нарығында өзгеріс бар ма?

Жер сілкінісінен кейін Алматыда жеке тұрғын үй нарығында өзгеріс бар ма?
Сурет: интернеттен

Жалпы Алматы қаласындағы жер дүмпуі үй нарығында әсері бар ма?

Мамандардың пікіріне сүйенсек, кейінгі кездері мегаполистегі әлсін-әлсін жер сілкінуі тұрғын үй нарығына өзіндік әсерін тигізіп отыр. Көпқабатты үйге қарағанда жеке үйлерге деген сұраныс артқан. Десек те, ақпан айындағы деректер бойынша да бір тұжырым жасауға болады. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен Азаматтарға арналған үкімет деректеріне сүйене отырып, өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда өсім бар екеніне көз жеткіздік.

Алматыда – 19,3%-ға, 477 бірлікке дейін;

Алматыда – 2,9%-ға, 804 бірлікке дейін;

Жетісуда – 12,3%-ға, 356 бірлікке дейін.

Иә, өсу бар, бірақ оны керемет деп айту қиын. Оның үстіне, көп жағдайда бұл жалпы үрдіске байланысты болуы мүмкін: ақпан айында республика бойынша тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 26,6%-ға өсіп, 30,5 мың бірлікке жеткен. Яғни, бұл жолы да күшті серпіліс бар деп ауыз толытырп айтуға болмайды.

Жалпы, жеке тұрғын үй нарығындағы жағдай жақсы дамып жатқан жоқ. Ақпанның қорытындысы – 6 мың бірлік. Бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 2,5 пайызға аз.

Жеке тұрғын үймен мәмілелердің жалпы көлемдегі үлесі екі ай қатарынан өте төмен деңгейде – 20%-дан аз (қаңтарда – 19,1%, ақпанда – 19,7%). Бұл 2019 жылдың басынан бергі ең төменгі көрсеткіш десекте болады.

Демек, жер сілкінісі тұрғын нарығына кедергісін келтіріп жатыр деген ел арасындағы пікірді жоққа шығарады.