Жастар 100 долларды қайда жұмсаған?

Жастар 100 долларды қайда жұмсаған?
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Ұлттық қордан 100 долларды қанша жас қазақстандық алып, қайда жұмсады?

Жыл басынан бері «Ұлттық қор – балаларға» жобасынан 18 жасқа толған 304 мың қазақстандық өзіне тиесілі 100 долларды алған, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Жастар алған ақшаны қайда жұмсаған? Бұл туралы ақпаратты Қаржы министрлігі таратты: тұрмыс жағдайын жақсартуға – жалпы сомасы 16 мың долларға 162 адам; оқу ақысын төлеуге – 260 адам жалпы сомасы 26 мың доллар. Биыл 18 жасқа толған немесе толатын бағдарламаға қатысушылардың саны 304 мың адам. Олардың әрқайсысы $100,52 алды. Кәмелетке толмағандардың ата-аналары немесе заңды өкілдері есептеулерді eGov.kz порталында және БЖЗҚ сайтынан тексере алады.

Көбіне қазақстандықтар жинақталған 100 долларды: бiлiм беру ұйымдарының қызметтерiне ақы төлеуге – 212 рет; тұрғын үй құрылыс жинақтарының салымдарын одан әрі толықтыруға – 133 рет ; білім беру жинақтау салымын шарт бойынша толықтыру – 28 рет; азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша тұрғын үйге меншік құқығын алу (соңғы есеп айырысу) – 11 рет. Биыл «Балаларға арналған ұлттық қор» жобасына барлығы 6,9 миллион бала қатысуда.