Жеңілдетілген автонесие бағдарламасының талаптары өзгеруі мүмкін

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасының талаптары өзгеруі мүмкін
Сурет: Tengrinews.kz

Бұдан былай несиесін 90 күннен артық уақыт төлемеген азаматтар бұл бағдарламаға қатыса алмауы мүмкін.

Мұндай деректі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі келтірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Сондай-ақ бастапқы жарнаны төлеу міндетті болмақ. Бұған дейін министр Марат Қарабаев бастапқы жарнаның 15 пайыз көлемінде болуын ұсынған.

Жалақының жоғарғы шегі де өзгеруі тиіс. Өйткені бағдарлама табысы төмен азаматтар үшін де қолжетімді болуы қажет. Бірақ әзірге мұның бәрі тек ұсыныс күйінде тұр. Егер нақты бір шешім шықса6 заң жобасы ресми парақшаларда көрсетіліп, халық талқысына түседі.