Жазғы дөңгелекпен жүрмеңіз!

Жазғы дөңгелекпен жүрмеңіз!
Сурет: интернеттен

5 АЕК айыппұл арқалайсыз.

Қазақстанда бүгіннен бастап жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілерге айыппұл салынады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Заңға сай, 1 желтоқсан мен 1 наурыз аралығында көлік жүргізушілері көліктерінің қысқы дөңгелектері болуын қадағалауы керек.

"Мұндай заңбұзушылықтар анықталған кезде полиция қызметкерлері бұзушылықтар жойылғанға дейін көлікті тоқтатып, мемлекеттік нөмірді тәркілеуге құқылы", - деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Ең төменгі айыппұл мөлшері 5 АЕК (17 250 теңге) болады. Жүргізуші бір жылда қайтадан тәртіп бұзса, 10 АЕК (34 500 теңге) айыппұл төлейді.