Бостандық ауданының көшелеріне 23 388 жарық орнатылды

Бостандық ауданының көшелеріне 23 388 жарық орнатылды
Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұл туралы Бостандық ауданының әкімі Санжар Алин мәлімдеді.

Биыл мемлекеттік органдарды орталықсыздандыру аясында сыртқы жарықтандыру желісі аудандық әкімдіктердің басқаруына берілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бостандық ауданында ұзындығы - 659,63 км болатын 23 388 жарық нүктесі, 16,2 мың тірек, 210 дана сыртқы жарықтандыруды басқару шкафы (СЖБШ) орнатылды.

Бүгінде сыртқы жарықтандыру желісіне қызмет көрсетуге «Алматы Қала Жарық» МКК-мен шарт жасалды. Бұл жедел бригадалар көшені жарықтандыру мәселесі бойынша азаматтардың өтінімін бірден қолға алады деген сөз.

48 ішінара жарық тартылмаған көшеге ЖСҚ әзірлеу жоспарланып отыр, оған ұзындығы 19,7 км болатын 608 жарық нүктесі мен 594 жарықтандыру тірегін орнату қажет.

Естеріңізге сала кетейік, қазан айында Алматыда көшені жарықтандыру мәселесін жою үшін техникалық қызметкерлердің штаты ұлғайтылды. Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен жергілікті учаскелерде жұмыс істеу үшін 20 адамнан тұратын алғашқы бригада жасақталды.