Жайлы аула: Әуезов ауданында 2023 жылы 24 үй жанындағы аумақ абаттандырылды

Жайлы аула: Әуезов ауданында 2023 жылы 24 үй жанындағы аумақ абаттандырылды
Almaty-akshamy.kz

Ерболат Досаев вандализмді болдырмау үшін жаңа аулаларды бейнебақылау камераларымен жабдықтауды тапсырды

Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданын аралау барысында 7 шағын аудандағы аула аумақтарын абаттандыру жұмыстарының барысымен танысып, тұрғындармен өзекті мәселелер бойынша сөйлесті. 

7 және 12 шағын аудандарда 35 аула орналасқан, оның 24-і ағымдағы жылы жөнделді, деп хабарлады Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев. Модернизациялау аясында аулаларда баскетбол, футбол алаңдары салынды, жарық тұрақты әрі сапалы, енді іргелес аумақ абаттандырылуда. Жұмысты «Сенім ҚұрылысСервис» ЖШС мердігерлік ұйымы жүргізуде. Тұрғындардың өтініші бойынша тұрақ аймақтары қосымша кеңейтіліп, бюджет қаражатының үнемделуі есебінен көгалдандыру жүргізілуде. 

Әуезов ауданы – Алматыдағы ең тығыз қоныстанғандардың бірі, оның тұрғын үй қоры 1 700 көппәтерлі үйден асады, аумағында 966 аула орналасқан. Бұл қаланың басқа аудандарына қарағанда көп. Алматы әкімі Ерболат Досаев барлық аулалардың жағдайын талдап, үй маңындағы аумақтарды жөндеу бағдарламасын жалғастыруды тапсырды. Қала басшысы вандализмді болдырмау үшін барлық аулаларды бейнебақылаумен жабдықтау қажеттігін атап өтті. Жөндеу жұмыстары аяқталатын жаңа 24 алаңда жақын арада камералар пайда болады, деп хабарлады аудан әкімі Абзал Егембердиев.

Сондай-ақ, аралау барысында Ерболат Досаев су басу, көгалдандыру және жаңа демалыс аймағы тақырыбында 7 және 12 шағын аудандардың тұрғындарымен кездесу өткізді. Қала басшысы қазіргі уақытта күзгі екпелер жалғасып жатқанын – ағымдағы жылы көгалдандыру аяқталмағанын, су басу проблемалары жоспарлы түрде шешілуде екенін атап өтті. Бұдан басқа, 2024 жылға «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасын қаржыландыру ұлғайтылады: қаланың 6 ауданына 2 млрд теңгеден және Алатау және Наурызбай аудандары үшін 2,5 млрд теңгеден бөлу жоспарлануда. Қосымша қаражат халықтың ең өзекті және сұранысқа ие жобаларын іске асыруға бағытталатын болады. 

Анықтама:

Аула аумақтарын күрделі жөндеу аясында 2022 жылдан 2023 жылға дейін Әуезов ауданының (8, 9, 10, 11 ш/а және Жетісу-1,2,3,4) 167 ауласында жұмыстар аяқталды.