Жасанды интеллект орталығы құрылмақ

Жасанды интеллект орталығы құрылмақ
Сурет: интернеттен

Қазақстанда жасанды интеллект орталығы құрылады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Бұл туралы Мәжілісте өткен жиында цифрлық даму министрлігінің өкілі айтты. Жасанды интелектіге қажетті ақпаратты сақтап, өңдеу үшін супер-компьютер де әзірленіп жатыр. Жыл соңына дейін Қазақстан техникалық тұрғыда толық дайын болады. 

Қазірдің өзінде кей салаларда жасанды интелектінің мүмкіндігін сынақтан өткізіп үлгерген. Нәтижесі де жақсы. Тек тұрақты қолданысқа енгізу мүмкін болмай тұр.