Доллар арзандады

Доллар  арзандады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Баға 1,08 теңгеге арзандаған.

Қазақстан қор биржасының мәліметі бойынша, доллардың орташа бағамы 450,07 теңге болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 62,20 теңгені (-0,34) құрады.

Ұлттық банк еуро бағамын 489,13 теңге, рубльді 4,87 теңге деп бекітті.

Ақша айырбастау орындарында доллар 450,9-452,9 теңгеге, еуро 488-492 теңгеге, ресей рублі 4,75-4,87 теңгеге сатылуда.

Ал 26 наурыздағы аукционда әлемдік бағалар төмендеп жатыр.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында маусымдық Brent фьючерстерінің құны 0,08%-ға арзандап, барреліне $86,01 құрады.

NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының мамырдағы фьючерстері 0,06%-ға төмендеп, барреліне 81,90 долларды құрады.