Жастарға 1 миллион теңге беріледі

Жастарға 1 миллион теңге беріледі
Сурет: Egemen.kz

Zhas Project жобасы аясында ел жастарына 1 миллион теңге көлемінде шағын гранттар беріледі. Жобаға қатысу үшін өтінім беру басталды.

Zhas Project жобасына NEET санатындағы, яғни, 18-34 жас аралығындағы жұмыссыз жастар қатыса алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Өтініштер 24 сәуір сағат 23:59-ға дейін қабылданады. Әр өңір бойынша жобаны басқаратын және өтініш қабылдайтын ҮЕҰ-мен байланыс мәліметтері cisc.kz сайтында, Zhas Project бөлімшесінде көрсетілген. 25 сәуір мен 14 мамыр аралығында өтінімдер іріктеліп, 15 мамырда конкурс нәтижесі жарияланады.

Жастарды қолдауды мақсат еткен жоба елдің 20 өңірін қамтиды.

Грантты иеленгеннен кейінгі басты талап - жобаны 4 айда жүзеге асыру. Тәжірибесі толыспаған жастардың қанатқақты жобалары жемісті болу үшін әр өңірде қолдау орталығы жұмыс істейді. Орталыққа жүгінген жас кәсіпкер көкейіндегі әлеуметтік, экономикалық, құқықтық сауалдарына кәсіби мамандардан жауап, кеңес ала алады. 

Биыл 280 жобаны қолдау жоспарланып отыр.