Арнайы құрылған компания утиль алымын уақытша қабылдамайды

Арнайы құрылған компания утиль алымын уақытша қабылдамайды Сурет: Newtimes.kz

Олар қазақстандықтарды жағдайға түсіністікпен қарауға шақырды.


«ӨКМ Операторы» ЖШС-нің орнына келген «Жасыл Даму» АҚ әкімшілігі утиль алымын қабылдауды уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Turkystan.kz сілтеме жасап. 


Қазіргі уақытта «ӨКМ Операторы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты құзырлы органдар тексеру жүргізіп жатқан көрінеді.



«Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерін басқару функциясын бұрынғы оператордан «Жасыл Даму» АҚ басшылығына беру процесі толық аяқталған жоқ. Осыған байланысты утиль алымдары мен VETS/VESSSHT қабылдау, ескі жабдықты кәдеге жаратуға жеткізгені үшін өтемақы төлеу, қалдықтарды жинаушыларды, тасымалдаушыларды және өңдеушілерді субсидиялау және Экологиялық кодексте көзделген басқа да қызметтер уақытша тоқтатылған», – делінген акционерлік қоғамның баспасөз қызметінің хабарламасында.



Акционерлік қоғам барлық ұйымдастырушылық-құқықтық процестер аяқталып, серверлік бағдарламалық қамтамасыз етуге толық рұқсат алғаннан кейін барлық міндеттемелерін орындайтынына сендірді.



«Біз жұртшылықты бұл жағдайға түсіністікпен қарауды және қызметтің қайта жандануын күтуді сұраймыз. Ақпараттық жүйелер бойынша жұмыстың басталғаны кейінірек хабарланады», – деп толықтырды компания өкілдері.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42

15:30

14:52

14:10

13:26

13:13

12:59

12:46

12:07

11:55

11:30

11:03

10:40

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12