Доллар бағасы 1,15 теңгеге арзандады

Доллар бағасы 1,15 теңгеге арзандады
Сурет: Kapital.kz

Бүгінгі ресми баға –477,98 теңге.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 5 тамыз кешімен салыстырғанда 1,15 теңгеге төмендеп, 1 доллар 476,62 теңге болды.

Ұлттық банктің 8 тамыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 477,98 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 476 теңге, сатып алу – 480 теңге. Ал, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 474 теңгеден болса, сатып алу – 478 теңге. Ресей рублі 7,20-7,55 теңге аралығында саудаланып жатыр.