Қала әкімі Әуезов ауданының тұрғындарымен кездеседі

Қала әкімі Әуезов ауданының тұрғындарымен кездеседі
Сурет: Almaty-akshamy.kz

2022 жылғы 11 тамызда сағат 9.00-де Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев "Мамыр-5" шағынауданы, 6 үй мекенжайындағы №202 мектеп-гимназиясында Әуезов ауданының тұрғындарымен кездеседі.
https://go.2gis.com/j110qa  

Ағымдағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында кездесу барысында бетперде режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтау ұсынылады. Сондай-ақ, бөлмелерде қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылады.

Кездесуді онлайн режимінде «Алматы» телеарнасының Youtube парақшасында және Әуезов әкімдігінің Facebook парақшасында көруге болады:
1. https://www.youtube.com/c/AlmatyUS 
2. https://www.facebook.com/profile.php?id=100034986197656