«Жаралы сезім 2» көрерменге жол тартты 

«Жаралы сезім 2» көрерменге жол тартты 

Алматыда белгілі режиссер Еркін Рақышевтің «Жаралы сезім 2» фильмінің жабық көрсетілімі өтті.  

2007 жылы шыққан «Жаралы сезімдегі» Қанат пен Арайдың диалогы, фильмнің желісі әлі күнге дейін көптің есінде болар. 17 жылдан соң режиссер Еркін Рақышев фильмнің екінші бөлімін түсірді.

Фильмнің  желісі бойынша, сол кездегі ғашықтар - Қанат пен Арайдың баласы Азамат есейіп, есірткіге тәуелді болады. Өзі де оны сатумен айналысады. Кафеде кездестіріп қалған қызға ғашық болады. Оқиға осы жерден басталады. Фильмнен көрермен Қанат, Иван, Сократ сынды кейіпкерлерді сомдаған актерлерді қайта көре алады. Бірінші бөлімде Қанаттың достары болған бұл актерлер жаңаша қырынан танылады. Сондай-ақ, басты кейіпкерлер - жаңа актерлерлерді де  көре аласыздар. Қанат пен Арайдың баласын сомдайтын жас актер - Абай Мәжит өзінің кейіпкерін сәтті алып шыққан. 

«2007 жылы «Жаралы сезім» фильмін түсірген едім. Фильм туралы «Қазақ киносына жаңа леп әкелген, тәрбиелік мәні зор, аса әсерлі туынды» деп халық жоғары бағасын берген болатын. Енді араға 17 жыл салып, бірінші фильмнің жалғасын - «Жаралы сезім 2» фильмін түсірдім. Тәрбиелік мәні бар бұл фильмде махаббатқа адалдық, қайсарлық пен табандылық, ел мен жерді, Отанды сүюге баулитын сюжеттер көрініс табады» - дейді фильмнің режиссері Еркін Рақышев.

Фильм 22 ақпаннан бастап барлық кинотеатрдан көрсетіледі.