Air Astana рейстер кестесіне түзету енгізді

Air Astana рейстер кестесіне түзету енгізді
Almaty-akshamy.kz

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге байланысты Air Astana рейстер кестеcіне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Air Astana әуекомпаниясы 2024 жылғы 1 наурыздан бастап Қазақстанның бірыңғай уақыт белдеуіне көшуіне байланысты рейстер кестесін өзгертті. Өзгерістер 1-31 наурыз аралығында Алматы, Астана, Шымкент, Өскемен және Қостанай бағыттары бойынша жоспарланған бағыттарға қатысты. Рейстері өзгеріске ұшырайтын жолаушыларға өзгертілген ұшу уақыты туралы SMS-хабарламалар мен брондау кезінде қалдырған электрондық пошталарына хаттар жіберіледі.

Сәуір мен қазан айлары аралығындағы рейстердің кестесі 1 наурызда автоматты түрде өзгертіледі және бұл туралы да жолаушылар хабардар етіледі.

Air Astana әуекомпанияның ресми сайтында немесе қосымшасында рейстің ағымдағы мәртебесін тексеруді ұсынады. Авиабилетті ауыстыру немесе қайтару үшін (тариф ережелеріне сәйкес) сатып алған жері бойынша хабарласу қажет.