Қазақстан Ресейдің халықаралық ауқымда қауіпсіздікке қатысты келіссөз өткізу бастамасын қолдайды

Қазақстан Ресейдің халықаралық ауқымда қауіпсіздікке қатысты келіссөз өткізу бастамасын қолдайды inform.kz

Қазақстан Ресейдің халықаралық ауқымда қауіпсіздікке қатысты келіссөз өткізу бастамасын қолдайды. Бұл туралы бүгін Мәскеуде Ресей Президенті Владимир Путинмен келісссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Өңіріміздегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Ресей Федерациясы бірегей, маңызды рөлге ие. Біз Ресейдің Еуразиялық кеңістіктегі қауіпсіздіктің бөлінбейтіндігіне қатысты ұстанымын қолдайтындығымызды атап өткім келеді. Түптеп келгенде, бұл 2010 жылы ЕҚЫҰ-ның Астана форумы қорытындысында қол қойылған декларацияда бекітілген. Өзге мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіре отырып, өзіңнің қауіпсіздігіңді қалыптастыру қазіргі әлемде мүмкін еместігімен және де мұның іс жүзінде тиімсіз екендігімен келісеміз», - деді ҚР Президенті.



Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей тарапының халықаралық кең ауқымда қауіпсіздікке қатысты келіссөз өткізу бастамасы сәтті дипломатиялық келіссөздер үшін өте жақсы платформа болатынын атап өтті.



«Біз келіссөздерді келіссөз өткізу үшін емес, нәтижелерге қол жеткізу үшін өткізілуін қолдаймыз. Түптеп келгенде «Жақсы даудан нашар бітім артық», - деп түйіндеді сөзін Мемлекет басшысы.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12

12:22

12:05

09:32

12:48

12:02

11:37

11:12

10:45

10:12

09:36

09:30

09:02

08:53

07:41

06:19

05:37

05:14