«Жаңа Қазақстан. Күшіміз бiрлiкте» фестивалінде Алматы студенттері тарихты білуге және патриот болуға шақырды

«Жаңа Қазақстан. Күшіміз бiрлiкте» фестивалінде Алматы студенттері тарихты білуге және патриот болуға шақырды
almaty-akshamy.kz

Жастар фестивалінің қатысушысы ҚазҰПУ студенті Нұрбол Хадыров Алматының тумасы. Ол өзінің болашағын Қазақстанмен байланыстырады деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Студент қазақстандықтар тарихты білуі және Отанымыздың патриоты болуы тиіс деп есептейді. Бұл жаңа Қазақстанды құру үшін өте маңызды.

«Бүгінгі фестивальде студенттер өте көп, біз басқа университеттермен танысамыз. Жұлдыздардың өнерін көрдік, құрметті адамдардың қатысуымен керемет бағдарлама болды. Бүгін маған маңызды миссия – Қазақстанның Туын ұстап тұру тапсырылды, мен оны мақтан тұтамын», - деді студент.

Фестиваль өткен «Алматы Арена» залына барлығы 15 мыңнан астам студент жиналды.