Перуде 36 млн жыл бұрын өмір сүрген динозавр көрсетілді

Перуде 36 млн жыл бұрын өмір сүрген динозавр көрсетілді
phys.wiki-wiki.ru

Перуде 36 миллион жыл бұрын өмір сүрген кит тәріздес динозавр көрсетілді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Оның қалдығы қазір тасқа айналған. Ежелгі қаңқа Лимадағы Табиғат тарихы мұражайына алғаш рет қойылды. Жануардың бас сүйегінің ғана ұзындығы 1 метр 35 сантиметрді құрайды. Ал жалпы тұрқы 13 метрге жетуі мүмкін дейді мамандар. Сондай-ақ палеонтологтардың айтуынша, жыртқыштың өткір тістері жақсы сақталған.

Марио Урбина, палеонтолог: - Бұл қаңқа әлі көп зерттеле қойған жоқ. Іс енді басталып жатыр. Жалпы, мұндай қалдықтар әлемде өте сирек кездеседі. Біреуі Парижде екенін білемін.