Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жекке қатыспай-ақ толыққанды әлем чемпионы атануы мүмкін

Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жекке қатыспай-ақ толыққанды әлем чемпионы атануы мүмкін
сурет: Sports.kz

WBO уақытша белбеуін жеңіп алған болатын 

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына (12-0, 8 КО) қуанышты жаңалық жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап. 
WBO ресми түрде америкалық боксшы Деметриус Андрадеге (31-0, 19 КО) орта салмақтағы белбеуін қорғауды бұйырды. Егер ол бас тартса, Жәнібек Әлімханұлы автоматты түрде «уақытша» әлем чемпионы атағынан «толыққанды» чемпион дәрежесіне ие болады. Әлімханұлы мамыр айында британдық Дэнни Дигнумды (14-1-1, 8 КО) екінші раундта нокаутқа түсіріп, WBO уақытша белбеуін жеңіп алған болатын. Андрадеге келетін болсақ, ол да мамыр айында рингке оралып, ирландиялық Зак Паркермен (22-0, 16 КО) жұдырықтасуы керек еді, бірақ жарақат алып, жекпе-жек өтпей қалды.