Емханаларда 80 мың пациентке жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар

Емханаларда 80 мың пациентке жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Сурет: Inbusiness.kz

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты.

Министрлік дәрі-дәрмек, вакцинамен қамтамасыз етуді тұрақты бақылауында ұстап отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қазақстанда аумағында науқастарға керек дәрі-дәрмек жеткілікті.

«Науқастарға керек дәрі-дәрмек жеткілікті. Ауруханаларда дәрі-дәрмектің 16 атауы бойынша екі айлық қоры қамтамасыз етілді. Ал емханалар мен амбулаторияларда 1,3 млрд теңгеден астам сомаға дәрі сатып алынып, қор жасақталды. Бұл өз кезегінде 80 мың пациентке жеткілікті», - деді А. Ғиният.

Оның айтуынша, қосымша бірыңғай дистрибьютор қоймаларына 4 млрд теңгеге дәрі-дәрмек алынды.

«Министрлік дәрі-дәрмек, вакцинамен қамтамасыз етуді тұрақты бақылауында ұстап отыр»,- деді ведомство басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, «қызыл» аймақта шектеу шаралары денсаулық сақтау жүйесінің жүктемесіне байланысты екі кезеңмен қабылданады. Үкімет басшысы Әлихан Смайлов әкімдіктерге халықты вакциналау және ревакциналау жұмыстарын жандандыруды тапсырды.