Қазақстанның орта салмақтағы екі боксшысы The Ring рейтингінде бестікке енді

Қазақстанның орта салмақтағы екі боксшысы The Ring рейтингінде бестікке енді
Сурет: Halyq-uni.kz

The Ring белгілі журналының сайты Қазақстанның орта салмақтағы екі боксшысы енген рейтингінің жаңартылған нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

WBA Super, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин бірінші орынды сақтап қалса, WBO белдігінің иегері Жәнібек Әлімханұлы бесінші орыннан төртінші орынға көтерілді. Бұрын үшінші орында тұрған Деметриус Андраде екінші орта дивизионға өтуіне байланысты рейтингтен шығарылды.

The Ring нұсқасы бойынша орта салмақтағы боксшылардың ТОП-10 келесідей:
1 (1). Геннадий Головкин (Қазақстан);
2 (2). Джермалл Чарло (АҚШ);
3 (4). Хайме Мунгия (Мексика);
4 (5). Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан);
5 (6). Крис Юбэнк-кіші (Ұлыбритания);
6 (7). Карлос Адамес (Доминикан Республикасы);
7 (8). Риота Мурата (Жапония);
8 (9). Сергей Деревянченко (Украина);
9 (10). Эрисланди Лара (Куба);
10 (-). Феликс Кэш (Ұлыбритания).