Жамбыл облысында болған жарылыстан қаза тапқандар саны 16 адамға жетті

Жамбыл облысында болған жарылыстан қаза тапқандар саны 16 адамға жетті
Сурет: Gov.kz

 Жамбылдағы жарылыс кезінде жарақаттанған әскери қызметші қайтыс болды

Оқ-дәрілерді сақтау бөлімінің басшысы қызметін атқарған әскери қызметші ауруханада жан тапсырды. Ресми ақпарат Gov.kz жарияланған, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

Қорғаныс министрлігінің ресми хабарламасы бойынша, 7 қыркүйекте Тараз қалалық ауруханасында 26 тамызда Жамбыл облысындағы оқ-дәрілер қоймасында болған өртті сөндіру кезінде алған жарақаттарының салдарынан 28349 әскери бөлімінің әскери қызметшісі 1983 жылы туған, капитан Ерлан Рысқұлбекұлы Қырғызәлиев қайтыс болды.

Ол оқ-дәрілерді сақтау бөлімінің бастығы лауазымын атқарған болатын. Қоймадағы өртті жоюға кіріскен алғашқылардың бірі болды.

«Қорғаныс министрлігі марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», - делінген хабарламада.

Жамбыл облысында болған жарылыс салдарынан қаза болғандар саны 16-ға жетті. Тағы бір адам іздестіріліп жатыр.