Жәнібек келесі жекпе-жегіне дайындықты бастады

Жәнібек келесі жекпе-жегіне дайындықты бастады
Сурет: instagram.com/janibek_qazaqstyle
Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) нұсқасы бойынша орта салмақтағы қазақстандық әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Instagram-дағы парақшасында келесі жекпе-жегіне дайындығын көрсетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Жәнібек Әлімханұлы Instagram-дағы парақшасында залда жаттығып жатқан кезінің видеосын жариялап,  «Бастадық» деп жазды.

Айта кетейік, қазақстандық әлем чемпионы кейінгі жекпе-жегін мамыр айында Стоктон қаласында (Калифорния, АҚШ) өткізіп, канадалық Стивен Батлерді (32-4-1, 26 КО) екінші раундта техникалық нокаутпен жеңген еді.