Алматыда 7 миллиард теңгелік жер телімдері мемлекетке қайтарылды

Алматыда 7 миллиард теңгелік жер телімдері мемлекетке қайтарылды
Сурет: Еgemen.kz

Сот шешімі әлі күшіне енген жоқ.

Алматы қаласының прокуратурасының ақпаратынша, құны 7 миллиард теңге тұратын жер телімдері мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Алматы қаласының прокуратурасы зерделеу барысында заңсыз алынған жер учаскесін анықтаған.

"2014 жылы Алматы шекарасын кеңейту нәтижесінде Алматы облысының жер учаскелерінің бір бөлігі қала құрамына енді. Мысалы, Алматы облысы Қарасай ауданындағы 30,9 га жер учаскесі "Халықаралық клубтар қауымдастығы" ЖШС қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін алған. Алайда ЖШС жер учаскесінің кадастрлық құнын төлеу бойынша өз міндеттемелерін орындамады", - делінген хабарламада.

Прокуратураның талап-арызы бойынша Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімі бойынша, жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.