Әлемдегі ең мықты төлқұжаттар рейтингінде Қазақстан қаншасыншы орында?

Әлемдегі ең мықты төлқұжаттар рейтингінде Қазақстан қаншасыншы орында?
Сурет: ашық дереккөз

Passport Index порталы әлемдегі «ең мықты» төлқұжаттар тізімін ұсынды. Қазақстанның құжаты 54-орынға жайғасты, - деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Tengritravel.kz-ке сілтеме жасап,

Қозғалысқа ыңғайлы төлқұжаттың иелері Біріккен Араб Әмірліктерінде тұрады. Бұл елдің азаматтарына 123 елге визасыз кіру мүмкіндігі бар, сондай-ақ небары 58 елге виза рәсімдеуі керек.

Екінші орынға Еуропаның 10 елі мен Оңтүстік Корея шыққан. Бұл елдің азаматтарының төлқұжатымен 129 елге визасыз кіру мүмкіндігі берілген:
  • Швеция;
  • Германия;
  • Финляндия;
  • Люксембург;
  • Испания;
  • Франция;
  • Италия;
  • Нидерланды;
  • Австрия;
  • Швейцария;
  • Оңтүстік Корея.

Қазақстан 54-орында. Біздің еліміздің азаматтары БАӘ, Түркия, Өзбекстан, Украина, Тәжікстан, Суринам, Сент-Винсент және Гренадина, Сербия, Ресей, Филиппин, Палестина аумағы, Оман, Намибия, Монтенегро, Моңғолия, Молдова, Микронезия, Малайзия, Қырғызстан, Иран, Гонконг, Гаити, Грузия, Гамбия, Эквадор, Доминикан Республикасы, Доминикан, Коста-Рика, Колумбия, Бразилия, Белоруссия, Барбадос, Әзірбайжан, Армения, Аргентина, Антигуа және Барбуда, Албания сияқты 40 елге еркін кіре алады.

Келгеннен кейін біздің елдің азаматтары 52 мемлекетте виза ала алады, ал 106 елге кіру үшін алдын ала виза рәсімдеу қажет. Көрші Беларусь Қазақстанмен бір позицияда тұр.

Украина рейтингте 19-орында, Ресей - 37-орынды иеленді. Армения - 64, Өзбекстан - 69, Қырғызстан 68-де орналасқан.