Зейнеткерлерге материалдық көмек көрсетілетіні рас па?

Зейнеткерлерге материалдық көмек көрсетілетіні рас па?
Сурет: Еgemen.kz

Әлеуметтік желіде тарифтердің өсуіне байланысты зейнеткерлерге материалдық көмек көрсетіледі деген ақпарат тарады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі желіде тараған ақпараттың жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тарап жатқан, үкімет қаулысымен барлық зейнеткерге коммуналдық қызмет бағасының өсуіне байланысты материалдық көмек көрсетіледі деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Себебі үкімет тарапынан дотациялық қаржылық көмек көрсету туралы қаулы қабылданған жоқ. Сондықтан бұл ақпарат жалған", - делінген хабарламада.

Дегенмен ведомство "Тұрғын үй қатынастары туралы" заң аясында әкімдіктер жергілікті бюджеттен тұрмысы төмен отбасыларға (азаматтарға) жеке тұрғын үйді ұстауға кеткен шығындар арасындағы айырмашылықты өтеуге және осы мақсаттарға арналған шығыстардың шекті деңгейінде тұрғын үй көмегін көрсететінін атап өтті.

Тұрғын үй көмегін алуға құжаттарды egov.kz порталы немесе халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы беруге болады.