ЕАЭО үкіметаралық кеңесінің кезектен тыс отырысы өтеді

ЕАЭО үкіметаралық кеңесінің кезектен тыс отырысы өтеді
Сурет: Azattyq-ruhy.kz

Бұған дейінгі жиын 8 маусымда Сочиде өткен болатын.

Армениядағы отырыс 24 тамызға жоспарланған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ереванда Еуразиялық экономикалық одақтың үкіметаралық кеңесінің кезектен тыс отырысы өтетіні туралы Арменияның сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.

Отырысқа одаққа мүше елдердің үкімет басшылары қатысатыны атап өтілді.

"Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезектен тыс отырысы 24 тамызда Арменияда өтеді", делінген министрлік хабарламасында.