Индустрияға да креатив керек

Индустрияға да креатив керек
almaty-akshamy.kz

Алматыдағы креативті индустрияға венчурлық қор серпін береді

Бұл туралы ӨКҚ брифингінде Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Берік Солтанбаев айтты. Ол креативті индустрия әлемдік экономикадағы басым саланың бірі екенін атады. Оның әлеуетін ескере отырып, мегаполис аясында осы саланы тиімді әрі сапалы дамытудың оң шешімі табылды.

«Былтыр Мемлекет басшысы қала халқымен кездесу барысында бастапқы капиталы 10 млрд теңгеге болатын креативті индустрияның қалалық венчурлық қорын құру жөніндегі бастаманы қолдады, оның 5 млрд-ы жергілікті бюджеттен бөлінді, қалған 5 млрд-ы жеке инвестициялар есебінен тартылды», - деді Берік Солтанбаев. 

Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы қор АХҚО-да қазан айында тіркелген соң оны іске қосудың жоспарланып отырғанын жеткізді.