Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды
almaty-akshamy.kz

Алматы мен Шымкентте Арман Жұмагелдиевтың ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшесі болған  қаңтар оқиғасына қатысушылар ұсталды.

«7 ақпанда Алматы және Шымкент қалаларының аумағында ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністерінің қызметкерлері ұзақ уақыт бойы қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып жүрген қаңтар оқиғасының екі қатысушысын ұстады. Ұсталғандардың бірі Самат Әмірбаев 2022 жылы Шымкентте кісі өлтіруге және сол қаланың басқа тұрғынына қатысты өзінше билік етуге қатысы бар деген күдікке ілінген. Ол Түркістан облысының аумағында ұсталды. Оның кісі өлтіру фактісі бойынша сыбайластарының бірі 16 жылға сотталып, қазіргі уақытта бас бостандығынан айыру орнында жазасын өтеп жатыр», - дейді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.

Оның айтуынша, ұйымдасқан қылмыстық топтың екінші мүшесі Алматы әуежайында шекаралас елдің аумағынан келгеннен кейін ұсталған.

Ұсталған адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалды.