Үш жігітке - үш қыз

Үш жігітке - үш қыз
Сурет: ашық дереккөз

Бұған дейін астаналық келіншек үшем босанғаны туралы хабарлаған едік. 

Үшемдердің үшеуі де ұл болса, бұл жолы сарығаштық жас ана Гүлмира Даурбаева үш қызды дүниеге әкелді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Үш қызға Әмина, Сабина және Медина есімдері қойылды. 

Сарыағаштық 38 жастағы көпбалалы ана дүниеге алып келген нәрестелердің салмағы 2 кг, 2 300 және 1 900 грамм болды. Батыр анаға дәрігерлер кесарь тілігі арқылы ота жасап, босандырып алған. Қазіргі таңда мерзімінен бұрын туған сәбилердің жағдайы бірқалыпты. 

«Үшем босанатынымды алғаш естіген кезде қатты қобалжыдым. 5 балалы болған соң, сәбилі болуды жоспарламадым. Күтпеген жерден дәрігерге қаралып, үшемді болатынынымды естігенде басқаша сезімде болдым», - дейді батыр ана.

Сарыағаштық батыр ана бүгінде 8 баланың анасы атанды. Мерзімінен бұрын дүние есігін ашқан нәрестелерге жансақтау бөлімінің мамандары тарапынан ерекше күтім жасалған.

Айта кетейік, №1 облыстық перинаталдық орталықта 2023 жылы 158 егіз бен 2 үшем дүниеге келді.