Астаналық келіншек үшем босанды

Астаналық келіншек үшем босанды
Сурет: Еgemen.kz

Бұған дейін ол егіз бала туған.

Сәбилердің анасы Ажар Қабитова жұбайымен бірге 2020 жылы дүниеге келген қыздары мен 2022 жылы туған егіз балаларын тәрбиелеп отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Сәбилерінің бәрі – ұлдар. Балалардың салмағы – 3 мың, 2 300 және 2 500 грамм

18 қаңтарда Астанада биылдыққа алғашқы үшем дүниеге келді. Үшемді осыған дейін егіз бала туған келіншек босанды. Сәбилер №2 қалалық көпсалалы аурухананың акушерлік блогында дүниеге келді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Жас ана жүктіліктің 34-аптасында босанды. Сәбилерінің бәрі – ұлдар. Балалардың салмағы – 3 мың, 2 300 және 2 500 грамм.

Жаңа туған нәрестелер бір аптаға жуық уақыттан бері №2 қалалық көпсалалы ауруханада жатыр.

Дәрігерлердің айтуынша, балалардың денсаулығы жақсы, аздап салмақ қосып келеді. Ұдайы дәрігерлердің бақылауында. 24 қаңтарда үйлеріне шығарылады.

Сәбилерін дүниеге әкелуіне көмектескені үшін Ажар өзінің Instagram аккаунтында дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Астана қаласындағы №2 қалалық көпсалалы аурухананың медициналық персоналы мен акушерлік блок дәрігерлеріне, атап айтқанда, Ардана Айдарбекқызы мен Венера Усаинқызына алғысымды білдіремін, – деді ол.