Ұрланған малды сойып, сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Ұрланған малды сойып, сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Сурет: topuch.com

«Мал ұрысы» республикалық iс-шарасы облыс аумағында 23 ақпанға дейін жалғасады

Жамбыл облысының полиция қызметкерлері «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында қылмыстық топтың іс-әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Олардың алдын ала сөз байласу арқылы Байзақ, Жамбыл аудандарының аумағындағы жайылымдардан бірнеше рет жылқы ұрлап, содан кейін оларды сойып, сатумен айналысқаны белгілі болды.

Ұсталған азаматтар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сондай-ақ олардың бұдан басқа 4 мал ұрлау дерегіне қатысы бары және ұрланған 5 жылқыны сойып сатқаны анықталды.

Қазір аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кетсек, «Мал ұрысы» республикалық iс-шарасы облыс аумағында 23 ақпанға дейін жалғасады.