Ұлттық банк АҚШ долларын жеткізу амалдарын қарастырып жатыр

Ұлттық банк АҚШ долларын жеткізу амалдарын қарастырып жатыр
Сурет:Belrynok.by

Өз уақытында жеткізуді қамтамасыз ету үшін барлық қажетті келісімдер бар.

Ұлттық банк мамандары айырбастау пункттеріндегі қолма-қол шетел валютасына қатысты жағдай туралы түсінік берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ұлттық Банк Қазақстан Республикасында шетелдік валютадағы операцияларға шектеу енгізу туралы қаулы немесе басқа да заңға тәуелді актілер қабылдамағанын хабарлады. Бас банктің түсіндіруінше, қолма-қол шетел валютасын шығару кезінде туындаған қиындықтар, ең алдымен, халық тарапынан сұраныстың өсуіне, сондай-ақ шиеленіске толы геосаяси жағдай аясында Қазақстанға басқа елдерден қолма-қол шетел валютасын жеткізудегі логистикалық кедергілерге байланысты туындап отыр.  

«Қазіргі жағдайды ескере отырып, Ұлттық Банк АҚШ-тың орталық банкі - Федералдық резервтік жүйеден қолма-қол шетел валютасының қосымша көлемін жеткізу амалдарын қарастырып жатыр. Сондай-ақ, бізде қолма-қол ақшаны көлік компанияларымен өз уақытында жеткізуді қамтамасыз ету үшін барлық қажетті келісімдер бар екенін хабарлаймыз», - делінген  Ұлттық Банктің баспасөз қызметінің хабарламасында.