Алматы полицейлері «Көшет отырғызу» науқанына ат салысты

Алматы полицейлері «Көшет отырғызу» науқанына ат салысты Сурет: Polisia.kz

Алматыда полиция қызметкерлері 35 түп көшет отырғызды.


Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына орай ұйымдастырылған “Көшет отырғызу” науқанын Алматы полициясының қызметкерлері қолдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz- ке сілтеме жасап.


Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының, сондай-ақ Әуезов аудандық полиция басқармасы мен бөлімшесінің қызметкерлері жергілікті әкімдік өкілдерінің көмегімен "Мамыр-2" шағынауданында көшет отырғызды. Бұл массивтің тұрғындары да белсенділік танытты.


Мақсат – қаланың экологиялық жағдайын жақсарту, жаңа жасыл аймақтарды жабдықтау. Шараға қатысушылар мұндай науқандардың қарқын алып, жыл өткен сайын бейжай қарамайтындар көбейетініне сенімді.


Бүгінгі шараға 35 адам қатысып, 35 түп қайың көшеті отырғызылды. Полиция барлық қатысушыларға “Есірткіге бірге қарсымыз!” және “Назар аударыңыз! Бейжай қарамаңыз!” жадынамаларын таратты.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22

12:09

11:53

11:50

10:26

10:14

10:02

09:47

09:45