Үкімет басшысы РФ елшілігіне барды

Үкімет басшысы РФ елшілігіне барды
Сурет: gov.kz

Көңіл айту кітабына жазба қалдырды.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Астана қаласындағы Ресей Федерациясының елшілігіне барып, Мәскеудегі «Крокус Сити холл» ойын-сауық кешенінде жасалған лаңкестік әрекетке байланысты көңіл айту кітабына жазба қалдырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұған дейін Қазақстан Үкіметінің басшысы Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинге және қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, қолдау білдіретіні туралы телеграмма жолдаған болатын.